Echo
Акимат обвинили из-за моста в небедном районе Усть-Каменогорска
КМГ и Shell обсудили повышение участия казахстанцев на Кашагане и Карачаганаке
Казахстан завоевал второе «серебро» на юношеских Азиатских играх
Осенние каникулы: в Минпросвещения рассказали, как провести неделю с пользой
04-11-2025
  • Главная
  • Новости
  • Разделы
    • Хозяйство
    • Держать курс
    • Стратегия
  • Хроника
  • Политика
  • Мир
  • О нас
  • Главная
  • Новости
  • Разделы
    • Хозяйство
    • Держать курс
    • Стратегия
  • Хроника
  • Политика
  • Мир
  • О нас
Хроника

Семейде өрт сөндіру депосы ашылды

11.09.2025 09:46
Семейде өрт сөндіру депосы ашылды

Бұл Семей өңірінің азаматтық қорғау саласы бойынша 30 жылдағы алғашқы құрылысы.

Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.

Өрт сөндіру депосында 6 арнайы техникаға орын қарастырылған. Нысанның жалпы ауданы – 0,82 гектар. Құрылыс "Демеу Қазақстан қоры" корпоративтік қоры есебінен қаржыландырылды.

Жаңа өрт сөндіру депосы қаладағы азаматтық қорғау саласының инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған маңызды нысан. Ғимараттың жанында қызметкерлердің спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін фитнес-залы бар. 11 бөлмеден тұратын екі қабатты апартаментте өрт сөндіруші мамандарға қажетті барлық тұрмыстық және қосалқы жайлар қарастырылған. Аймақ басшысы өрт сөндіру депосының ашылуы өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды нысан екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды» деп атап өткен болатын. Сондықтан Абай облысында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 1 млрд. 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде 200-ден астам заманауи техника сатып алынды. Өрт сөндіруші мен құтқарушы – кез келген сәтте өз өмірін қатерге тігіп, адам өмірі үшін күресетін мәртебелі мамандық иелері. Сіздердің еңбектеріңізді мемлекет пен қоғам әрқашан жоғары бағалайды. Бүгін ашылып отырған жаңа бөлім – сіздердің қызметтеріңізді жеңілдетіп қана қоймай, төтенше жағдайлардың алдын алуда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады деп ойлаймын. Жаңа нысан елдің тыныштығына қызмет етіп, құтқарушыларымыздың жұмысына серпін берсін", — деді облыс әкімі.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жаңа ғимарат Семей өңірінің азаматтық қорғау саласы бойынша 30 жылдағы алғашқы құрылыс екенін айтты.

"Мұнда құтқарушыларға барлық жағдай ескерілген, біздің талаптарға толық сай келеді. Енді осы құрылыстың екінші кезеңінде қызметтік баспана салатын ойымыз бар. Бірте-бірте біздің барлық бөлімшелеріміз кем дегенде осындай деңгейге жеткенін жөн көремін. Сондықтан бұндай іс шаралар жалғасын табатынына сенімім зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, республикалық «Демеу» қорына, облыс әкімі Берік Уәлиұлына, әкімдік қызметкерлеріне, мердігердерге, демеушілерге және барша атсалысқан азаматтарға шынайы алғысымды айтқым келеді", — деді ол.

Шара барысында өңірдегі өрт сөндіру бөлімдеріне өтімділігі жоғары КамАЗ бен Абай және Жаңасемей аудандарының Архат және Қайнар ауылдарына өрт сөндіру техникалары табысталды. Бүгінде Абай облысында 70 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Оның 11-і жыл бойы тұрақты режимде қызмет етеді. Биыл "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы аясында Бесқарағай ауданында және Мақаншы ауданындағы Алакөл демалыс аймағында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды. Жыл соңына дейін осындай бірнеше нысанды іске қосу жоспарланып отыр.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags:
Share:

Related

Финальные поединки в Семее
Финальные поединки в Семее
22.10.2025 19:07
Рабочих вытащили из канализационного колодца в Семее
Рабочих вытащили из канализационного колодца в Семее
10.09.2025 13:00
Топ новости
  • В Комитете рыбного хозяйства назвали возможные причины гибели тюленей в Мангистау
    Новости
    В Комитете рыбного хозяйства назвали возможные причины гибели тюленей в Мангистау

    2025-11-04

  • 100 квартир нуждающимся ежегодно: Qazaq Stroy реализовала свыше 55 проектов
    Новости
    100 квартир нуждающимся ежегодно: Qazaq Stroy реализовала свыше 55 проектов

    2025-11-04

  • Горькая свадьба
    Новости
    Горькая свадьба

    2025-11-04

  • Антикоррупционная статистика КНБ: итоги октября
    Новости
    Антикоррупционная статистика КНБ: итоги октября

    2025-11-03

  • В Актобе закрыли бар, где ночью находился подросток
    Новости
    В Актобе закрыли бар, где ночью находился подросток

    2025-10-24

Стратегия
Стратегия

Японская партия инноваций поддержала расширение сотрудничества с Казахстаном

03.11.2025 14:00

  • 2

    Погода в Актобе на 4-6 ноября

    03.11.2025 09:24

  • 3

    С начала года более 26 тысяч сайтов заблокировано в Казахстане

    03.11.2025 07:20

  • 4

    Какую профессию не затронет развитие искусственного интеллекта

    23.10.2025 08:27

  • 5

    Завершено строительство нового газопровода «Талдыкорган-Ушарал»

    23.10.2025 08:04

Get the gaming world News & Stories into your inbox

By subscribing, you accepted the our Policy

logo
Copyright © 2025 . http://shygys-ekspress.com. Email: news77.kz@gmail.com