Мектептегі буллингтің видеосы Instagram-дағы astana_press парақшасында пайда болды. "Ұстаздар қауымы мен мектеп директоры да оқиғадан хабардар, алайда ешқандай іс-әрекеттер қабылдамай отыр", — делінген жазбада.
Полиция басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
"Оқиғаға қатысы бар 9-сынып оқушылары анықталды. Оқушылардан ата-аналарымен бірге жауап алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қорытындысы бойынша балалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", — деді Алматы ауданы полиция басқармасы өкілдері.
Сурет: ашық дереккөздерден
02.09.2026 13:17
01.09.2026 16:18
01.09.2026 16:04
01.09.2026 11:39