Echo
Подставное дело, встреча в гик-кафе и отношения на расстоянии: Три истории любви наших читателей
Rusha: «Меня спасла музыка»
Как Казахстан защищает своих граждан от ценового давления  
Почти 20 тысяч тенге. Родителям грозит штраф за за использование ребенком телефона на уроке
06-11-2025
  • Главная
  • Новости
  • Разделы
    • Хозяйство
    • Держать курс
    • Стратегия
  • Хроника
  • Политика
  • Мир
  • О нас
  • Главная
  • Новости
  • Разделы
    • Хозяйство
    • Держать курс
    • Стратегия
  • Хроника
  • Политика
  • Мир
  • О нас
Хроника

Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

16.09.2024 02:52
Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің төрт өңірінде түнде топырақ беті қатып, үсік жүреді деп болжанады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

16 қыркүйекте, таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертен Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында, орталығында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. 16 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аудандарында, 17 қыркүйекте облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанады. 16-17 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 16-17 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 17 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі, 16-17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, топырақ беті қатып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер 15 қыркүйекте де 15 өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Сурет: pixabay

Tags:
Share:

Related

"Сынап бағаны 41 градусқа дейін көтеріледі". 25 шілдеге арналған ауа райы болжамы
"Сынап бағаны 41 градусқа дейін көтеріледі". 25 шілдеге арналған ауа райы болжамы
25.07.2024 03:42
Топ новости
  • В Семее пройдет чемпионат Казахстана по дзюдо
    Новости
    В Семее пройдет чемпионат Казахстана по дзюдо

    2025-11-06

  • Первую партию казахстанской пшеницы отправили в Армению
    Новости
    Первую партию казахстанской пшеницы отправили в Армению

    2025-11-06

  • Казахстан собрал миллиарды с иностранных цифровых гигантов
    Новости
    Казахстан собрал миллиарды с иностранных цифровых гигантов

    2025-11-06

  • Александр Овечкин забросил 900-ю шайбу в регулярных чемпионатах НХЛ
    Новости
    Александр Овечкин забросил 900-ю шайбу в регулярных чемпионатах НХЛ

    2025-11-06

  • Региональный воркшоп ИКАО по вопросам авиационного обучения проходит в Алматы
    Новости
    Региональный воркшоп ИКАО по вопросам авиационного обучения проходит в Алматы

    2025-11-05

Стратегия
Стратегия

Атырауский университет нефти и газа имени Сафи Утебаева впервые вошёл в рейтинг лучших вузов Азии

05.11.2025 12:49

  • 2

    Японская партия инноваций поддержала расширение сотрудничества с Казахстаном

    03.11.2025 14:00

  • 3

    Погода в Актобе на 4-6 ноября

    03.11.2025 09:24

  • 4

    С начала года более 26 тысяч сайтов заблокировано в Казахстане

    03.11.2025 07:20

  • 5

    Какую профессию не затронет развитие искусственного интеллекта

    23.10.2025 08:27

Get the gaming world News & Stories into your inbox

By subscribing, you accepted the our Policy

logo
Copyright © 2025 . http://shygys-ekspress.com. Email: news77.kz@gmail.com