Echo
Что было, что будет
В Санкт-Петербурге прошла премьера документального фильма «Ваш голос» о работе горячей линии Пекина
Армения поставляет в Казахстан алмазы и терминалы. Инфографика
Усилить контроль за качеством медуслуг поручили Минздраву
22-11-2025
  • Главная
  • Новости
  • Разделы
    • Хозяйство
    • Держать курс
    • Стратегия
  • Хроника
  • Политика
  • Мир
  • О нас
  • Главная
  • Новости
  • Разделы
    • Хозяйство
    • Держать курс
    • Стратегия
  • Хроника
  • Политика
  • Мир
  • О нас
Хроника

Қазақстанда коллекторлық агенттіктер кредиттер бойынша берешекті реттеуге міндеттелді

26.08.2024 07:36
Қазақстанда коллекторлық агенттіктер кредиттер бойынша берешекті реттеуге міндеттелді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы қаулысымен коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу ережесі бекітілді.

Құжат жеке тұлғаның (борышкердің) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешегі, оның ішінде сот шешімі бойынша өндіріп алынған немесе нотариустың атқарушы жазбасы негізінде берешек шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде борышкерді немесе оның өкілін оның коллекторлық агенттікке жүгіну құқығы туралы хабардар ететінін көздейді.

Құжат коллекторлық агенттік басқаға беру туралы шат жасалған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жеке тұлғаның берешегі, оның ішінде соттың шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешегі бойынша борышкерді және оның өкілін Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес олардың (оның) берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгіну құқығы туралы хабардар етеді.

Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес берілген банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өтінішті коллекторлық агенттік қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға тиіс.

Борышкер толық емес мәліметтер мен құжаттар ұсынған кезде коллекторлық агенттік оларды осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімін көрсете отырып және құжаттар көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда борышкердің өтінішінің қараусыз қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, 10 (он) жұмыс күні ішінде сұратады.

Борышкер сұратылған құжаттарды коллекторлық агенттік сұрату жіберген күннен кейінге 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.

  • Коллекторлық агенттік өтінішті және борышкер ұсынған құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде борышкер ұсынған берешекті өтеу талаптарындағы өзгерістерді қарайды:
  • берешекті өтеу талаптарының ұсынылған өзгерістерімен келісетіні;
  • берешекті өтеу талаптарын өзгерту жөніндегі өзінің ұсыныстары;
  • осындай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін хабарлайды.

Коллекторлық агенттік борышкер ұсынған берешекті өтеу талаптарының өзгерістерімен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі коллекторлық агенттік шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.

Сот шешімі немесе нотариустың берешекті өндіру туралы атқарушылық жазбасы болған кезде, коллекторлық агенттік атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға бастамашы болады.

Коллекторлық агенттік берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өз ұсыныстарын жіберген кезде Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттік борышкердің ұсынылған талаптарға жауап беру мерзімін де көрсетеді, ол борышкер коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытты құрайды.

Коллекторлық агенттік берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарқан кезде, сондай-ақ борышкер осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде коллекторлық агенттік пен борышкер арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде, борышкерге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту беріледі.

Коллекторлық агенттіктің өтінішті қарауы борышкерге міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей жүзеге асырылады.

Мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу коллекторлық агенттікке хабарлаған кезде борышкердің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

Өтінішті қарау кезеңінде және борышкерге шешім жіберілгенге дейін коллекторлық агенттік берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуды және міндеттемені орындау бойынша наразылық-талап қою жұмысын жүргізуді тоқтата тұрады.

Коллекторлық агенттік тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу , бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға:

  • борышкерлердің берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы қаралған өтініштері туралы;
  • шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер туралы;
  • берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ақпарат ұсынады.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері (бұдан әрі – борышкер-әскери қызметші) бойынша негізгі борыш және берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдау уақытында негізгі борыштың қалдығына есептелген сыйақы бойынша мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге төлемдерді кейінге қалдыру шартқа немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, шарт бойынша мерзімді ұлғайту және төлемдер мөлшерін сақтау түрінде жаңа төлемдер кестесін белгілеу арқылы ұсынылады, бұл туралы борышкер-әскери қызметшіге шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес хабарланады.

Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде борышкер-әскери қызметші (сенімхат бойынша борышкер-әскери қызметшінің мүддесі үшін әрекет ететін үшінші тұлға) коллекторлық агенттіктің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес төлемдерді кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш жібереді.

Коллекторлық агенттік борышкер-әскери қызметшінің төлемдерді кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оны шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес төлемдерді кейінге қалдыру күшінің жойылғаны туралы хабардар етеді.

Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде коллекторлық агенттік борышкер-әскери қызметшіге мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабардар етуді тоқтата тұрады, сондай-ақ борышкер бойынша наразылық-талап қою жұмысын және заңды күшіне енген сот актісі, берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба бойынша атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға бастамашы болады.

Борышкер-әскери қызметші мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде коллекторлық агенттік борышкер қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін берешекті өндіруді қайта бастайды, наразылық-талап қою жұмысын қайта бастауға бастамашы болады және бұл туралы борышкерді шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес хабардар етеді.

Ережелер сонымен қатар коллекторлық агенттіктің берешекті реттеу туралы шешім қабылдау тәртібін белгілейді.

Құжатта сондай-ақ 2024 жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған жеке тұлғалардың берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер борышкерді немесе оның өкілін коллекторлық агенттікке банк қарызы шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіну құқығы туралы қаулы қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік 20 күн ішінде хабардар етуі тиіс делінген.

Қаулы 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Tags:
Share:

Related

Мораторий на продажу проблемных займов коллекторам могут продлить
Мораторий на продажу проблемных займов коллекторам могут продлить
05.11.2025 20:09
Потрясающие новости для всех граждан, имеющих кредиты
Потрясающие новости для всех граждан, имеющих кредиты
19.09.2025 02:00
Топ новости
  • В Семее оштрафован социальный павильон за необоснованно высокие цены
    Новости
    В Семее оштрафован социальный павильон за необоснованно высокие цены

    2025-11-21

  • Водитель возместит потерявшему ногу пассажиру 15 млн тенге в Акмолинской области
    Новости
    Водитель возместит потерявшему ногу пассажиру 15 млн тенге в Акмолинской области

    2025-11-20

  • Объявлена дата следующего боя Балаусы Муздиман
    Новости
    Объявлена дата следующего боя Балаусы Муздиман

    2025-11-20

  • Министр обороны Казахстана совершил официальный визит в Турцию
    Новости
    Министр обороны Казахстана совершил официальный визит в Турцию

    2025-11-19

  • Незаконно завышенные тарифы на воду отменили в Павлодаре
    Новости
    Незаконно завышенные тарифы на воду отменили в Павлодаре

    2025-11-19

Стратегия
Стратегия

Китайские бариста создали новый хоррор-напиток

19.11.2025 23:45

  • 2

    Так держать, молодежь!

    18.11.2025 18:06

  • 3

    КТЖ усиливает позиции Казахстана как ключевого транзитного хаба между Китаем и Европой

    18.11.2025 09:49

  • 4

    Функция переписки с пользователями других мессенджеров появится в WhatsApp

    17.11.2025 15:23

  • 5

    Стройке дали налоговую отсрочку: НДС не коснется этих стройобъектов

    17.11.2025 02:14

Get the gaming world News & Stories into your inbox

By subscribing, you accepted the our Policy

logo
Copyright © 2025 . http://shygys-ekspress.com. Email: news77.kz@gmail.com